lat: CHEMPION
зат. спорт. Спорттық жарыстарда бірінші орынды жеңіп алған адам; жеңімпаз.
Болды, жарар, қой, қой, бала, қой, бала,
Бәс тігісіп екінші рет ойнама!
Карта ойнында чемпион жоқ, болмайды!
Есек дәме ұтсам деген ой ғана (3,245).
Чемпион боп көрмеді ешкім картадан,
Бірде қарық, бірде жұрдай қалтадан.
Сұп-сұр өңшең құмарпаздар сұрланып,
Бірі ұтылып, бірі ұтып тарқаған (3,245).