lat: DÁL
(ар. дал دل)
1. Куә болу.
2. Бір нәрсені көрсету.
3. Ауысп. Тура, нақ.
Бұ күнде өлсең, шырағым, Дәл бейішке барасың («Хикаят рисала Мұңлық, Зарлық». Бабалар сөзі. 52-том. 2008. 100 томдық).
Бір адам – шәрбат сатқан Мағриби, Дәл соның бұған ұқсар хикаяты («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).
Пақыр, міскін, борышқор, аш, жалаңаш, Құдай қосқан зекеттің дәл сол – орны («Құдайым жексенбі күні жер жаратты». М.Жүсіп, І-том, 2003).