ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР

lat: DÁLELDEMELER

анықтаушы, тергеуіш, прокурор, сот қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер (1997 жылғы 13 желтоқсандағы 206 ҚР ҚІЖК 115-бап)