Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде анықталған тәртіп негізінде, анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі дерек мәліметтер. Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректер сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің көрсетулерімен; сарапшының қорытындысымен; заттай айғақтармен; іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.