астық тұқымдастардың жалпы атауы. Дәстүрлі ортада дәнді дақылдар деп саналатын бидай, сұлы, арпа, күріш, тары, жүгеріні қастерлеп, қадір тұтып, аяқасты етпеген, ысырап қылуға жол бермеген. ХІХ ғ. соңы және ХХ ғ. басында қазақ ортасында егіншілік ісі қарқынды дамыды, отырықшы және жартылай отырықшы тұрғындар суармалы жерлерге, жауын суынан нәр алатын жерлерге ғана егіс салып қоймай, суарылуы қиын жерлерге жасанды жолмен су шығарып, егіншілікті өркендетті. Дәнді дақылдар ақ егіс және көк егіс деген екі түрге бөлінеді: Ақ егіске егіс науқанында себілген жаздық және күздік бидай, арпа жатады. Ал ақ егіс өнімі жиналғаннан кейінгі себілген дақылдардың бәрі көк егіске жатады.