Алтын, күміс, мыс, темір бұйымдарды, олардың бөлшектерін арнайы дайындалған металл қоспасымен отқа қыздырып жабыстыру, ұстату. Күмістен өрнек жүргізілген бүркеншіктердің үстіне әртүрлі асыл тастан көз орнатып, айналасын күміс қауашақтармен өрнектеп, дәнекерлейді (Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, 1969. 153 б.).