алғашқы медициналық жәрдемге қосымша болып табылатын медициналық жәрдем түрі. Мақсаты – жаралылардың (аурулардың) өміріне қауіп туғызатын бұзылыстардың (қан кету, асфиксия, құрысу, т.б.) алдын алу және жою, сондай-ақ оларды ары қарай орын ауыстыруға дайындық. Қирау ошағында (аймағында) фельдшер немесе медбике жүргізеді.