lat: DÁRİS
(ар. дәрс درس) – оқу, сабақ.
Енді болды алты жылдар келгеніне, Балаларға дәріс -сабақ бергеніне («Қисса Бәдір». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).
Молдадан жүруші еді дәріс алып, Қайыс тұрды сөйлесуге ойға қалып («Қисса Ләйлі – Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).
Дәріс беріп мәселеге жауап айтқан, Тәпсірден берген тағылым өтерінде («Қамаралдин хазірет». М.Жүсіп, І-том, 2003).
Дәріскер (дәріс+кер) – лектор.