ДҮНИЕЖҮЗІ

lat: DÚNIEJÚZİ

з а т. Бар әлем, ғалам, жер- жүзі.

Қажымұқан деген кісі дүниежүзіндегі атақты балуандардың біреуі (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек).

Аты дүниежүзі ғылымына әйгілене бастаған Шоқанның жасы ол кезде не бәрі жиырма бесте ғана еді (Б.Соқпақбаев, Қайда. Гауһар).

Қаһарландық, саптандық,

Жауға түгел аттандық.

Фашистерді жоямыз

Дүниенің жүзінен (Өлеңд. жин.).

Хорезм мәдениетінің іргетасын қалаған Қаңлы-қыпшақ елдері. Сол ерте заманның үзілмей келе жатқан мәдени қоры араб мәдениетіне келіп жалғасты. Мұса ибн Мұхаммед әл-Хорезми, Әбунасыр әл-Фараби, Әбулрайхан әл-Бируни, басқасын қойғанда, дәл осы үш есімнің өзі-ақ дүниежүзінің мәдени ошағанының үш аяғы деуге болады (А.Машанов, Әл-Фараби.).