зат. Бар әлем, галам, жер-жүзі. Қажымұқан деген кісі д ү н и е ж ү з і н д е г і атақты балуандардың біреуі (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек). Аты д ү н и е ж ү з і ғылымына әйгілене бастаған Шоқанның жасы ол кезде не бәрі жиырма бесте ғана еді (Б.Соқпақбаев, Қайда. Гауһар). Қаһарландық, саптандық, Жауға түгел аттандық. Фашистерді жоямыз Д ү н и е н і ң ж ү з і н е н (Өлеңд. жин.). Хорезм мәдениетінің іргетасын қалаған – Қаңлы-қыпшақ елдері. Сол ерте заманның үзілмей келе жатқан мәдени қоры араб мәдениетіне келіп жалғасты. Мұса ибн Мұхаммед әл-Хорезми, Абунасыр әл-Фараби, Әбулрайхан әл-Бируни, басқасын қойғанда, дәл осы үш есімнің өзі-ақ д ү н и е ж ү з і н і ң мәдени ошағанының үш аяғы деуге болады (А.Машанов, Әл-Фараби.).