lat: DÚNIEJÚZİLİK
с ы н. 1. Дүниежүзіне қатысты, бүкіләлемдік.
Дүниежүзілік банк - БҰҰ жүйесіндегі бірнеше халықаралық қаржы ұйымдарынан тұратын топ («Алматы ақшамы»).
Дүниежүзілік кеден ұйымы 1950 жылы Брюссельде Кедендік кеңестер достастығы ретінде құрылған халықаралық ұйым («Жас Алаш»).
Алматы мен Астанада кешкі сағат 22 болғанда дүниежүзілікуақыт 16 сағат болады (ҚҰЭ).
2. Танымал, атақты.
Мұның бәрі қазақтың халық ақыны Жамбылдың дүниежүзілік өшпес даңқының айғағы (М.Қаратаев, Туған әдеб.).