ДҮНИЕТАНЫМ

lat: DÚNIETANYM

Адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық нормаға тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Дүниетаным адамның дүниені ақиқатпен теориялық және практикалық жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-практикалық тәсілі. Дүниетануда тұтас адамзат әлемі моделі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан.