lat: DÚNIETANYM
з а т. ф и л о с. 1. Шындыққа қатынасын анықтайтын қағидаттар мен көзқарастар, пайымдаулар жиынтығы.
Ыбырай қазақ сахарасында тұңғыш рет ана тілінде дүниетаным мектебін ашты (М.Ақынжанов, Қаз. ағарт.).
Есенберлин шығарма үшін оқиға, кейіпкер, сурет бояуларын екшеуіне, оларды қажет, зәру мөлшерде қолданылуына, оның коммунистік дүниетанымы бірден-бір құбылнама болғаны да түсінікті (Р.Бердібаев, Гүлстан.).
Абстракциялық, модерндік ағымдар адам санасын уландырып, оның көркем бейнеде дүниетанымын бұлдыр тұманға айналдырады (І.Омаров, Шабыт).
2. Дүниенің даму заңдылығын білу қабілеті.
Дүниетану көркем әдебиет өмір айнасына, адамдардың рухани сусынына, дүниетанымына айналды (Ғ.Мүстафин, Ой әуен.).
3. Білім, ой-сана.
Ойнайтын актерлері бар, бірақ режиссерлық баяндау, актерлік дүниетаным , орындаушылық әр басқа (Ф.Оразов, Жастық шақ.).