зат. ф и л о с. 1. Шындыққа қатынасын анықтайтын қағидаттар мен көзқарастар, пайымдаулар жиынтығы. Ыбырай қазақ сахарасында тұңғыш рет ана тілінде д ү н и е т а н ы м мектебін ашты (М.Ақынжанов, Қаз. ағарт.). Есенберлин шығарма үшін оқиға, кейіпкер, сурет бояуларын екшеуіне, оларды қажет, зәру мөлшерде қолданылуына, оның коммунистік д ү н и е т а н ы м ы бірден-бір құбылнама болғаны да түсінікті (Р.Бердібаев, Гүлстан.). Абстракциялық, модерндік ағымдар адам санасын уландырып, оның көркем бейнеде д ү н и е т а н ы м ы н бұлдыр тұманға айналдырады (І.Омаров, Шабыт). 2. Дүниенің даму заңдылығын білу қабілеті. Дүниетану көркем әдебиет өмір айнасына, адамдардың рухани сусынына, д ү н и е т а н ы м ы н а айналды (Ғ.Мұстафин, Ой әуен.). 3. Білім, ой-сана. Ойнайтын актерлері бар, бірақ режиссерлық баяндау, актерлік д ү н и е т а н ы м, орындаушылық әр басқа (Ф.Оразов, Жастық шақ.).