lat: DÚRDEK
с ы н. Дүрдиген, қалың, көнтек.
Кенет оның қолы Луистың иығынан сусып түсіп кетті. Дүрдек қалың еріндері біртүрлі жыбыр-жыбыр етіп күбірлей жөнелді (Т.Шаханов, Көгілдір.).
Өзге сиырлар үй жанында, қотан жиегінде тұмсықтарымен жұлдыз қарап, қараса да түк көрмей, дүрдек ауыздары малжаңдап күйіс қайыруға кірісті (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Гун Мо қалың бетті, дүрдек ерінді, сөзіне орнықты, ақылды, тапқыр, халқының бұрынғысын да, бүгінгісін де жақсы білетін оқымысты (С.Мұқанов, Алып. адым.).