ДҮРДЕК

lat: DÚRDEK

сын. Дүрдиген, қалың, көнтек. Кенет оның қолы Луистың иығынан сусып түсіп кетті. Д ү р д е к қалың еріндері біртүрлі жыбыр-жыбыр етіп күбірлей жөнелді (Т.Шаханов, Көгілдір.). Өзге сиырлар үй жанында, қотан жиегінде тұмсықтарымен жұлдыз қарап, қараса да түк көрмей, д ү р д е к ауыздары малжаңдап күйіс қайыруға кірісті (Ж.Аймауытов, Шығ.). Гун Мо қалың бетті, д ү р д е к ерінді, сөзіне орнықты, ақылды, тапқыр, халқының бұрынғысын да, бүгінгісін де жақсы білетін оқымысты (С.Мұқанов, Алып. адым.).