ДҮРКІНДЕ

lat: DÚRKİNDE

ет. Қарқындау, екпіндеу, үсті-үстіне күшею. Жаяу-жалпы біртіндеп, Көлікпен бірге д ү р к і н д е п, Поезбен де зіркілдеп, Халық келе бастады, Қонысына өзінің (Т.Жароков, Шығ. жин.). «Қазақстан пионері» сияқты газет-журналдарымыз әр халықтың мақал-мәтелдерін д ү р к і н д е п топтап басып, үзбей беріп жүр (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.).