Ойын-күлкі, сауық-сайран, қызық жиын.
Соғыс шарпуы майданнан мектепке көшкендей жастар арасы ду-думан, айтыс-тартыс (Ж.Арыстанов, Жалын.).
Ду-думан ұлы патша ордасында,
Болмаған ондай жиын сол ғасырда.
Жинаған батырларын, ақындарын,
Қалдырмай жортағын да, жорғасын да (Ә.Тәжібаев, Құрдастар).
Ал мұхиттың сенімен ісі жоқ, өзімен-өзі, баяғыдай күбірлеп, өз әуені, өз ду-думанымен асыр салып, өзімен өзі іштей арпалысып, тулап-шулап жатыр (Е.Байжанов, Үш қиян).
Ол ешкімге «ал» да демей, «кел» де демей, «экстрадан» дәсері бокал тағы тастап жібереді. Ешкі маңырағандай болды. Ду-думан, ызы-қызы дауыстың арасынан қара ешкінің үні құлағына анық шалынды («Қаз. әдеб.»).