сенім грамотасын дипломатиялық корпус бойынша өз әріптестерінен әлдеқайда бұрын тапсырған дипломатиялық өкіл. Дуайен қашан да тек бірінші класты (елші, нунций) дипломатиялық өкіл бола алады. 1815 жылы 19 наурызда Австрия, Испания, Франция, Ұлыбритания, Португалия, Пруссия, Ресей, Швеция Париж трактатына қол қойды. Оның 4-бабына сай, дипломатиялық өкілдер келу уақытына қарай жоғары орынға ие болады.