ДУБЛЕТ

lat: DÝBLET

1. Біртектес екі заттың біреуі, соның екінші данасы. Мағынасы бірдей [тепе-тең] дыбысталуы жағынан айырмасы бар сөздер. Мысалға дублет сөздер деп жүрген ашық пен ғашық, беймаза мен бимазары тағы басқаларды алайық («Соц. Қаз.»). Фонетикалық варианттар бір сөздің түрліше дыбыстық ауытқуынан түзілсе, дублеттер -мағыналық тепе-теңдікті білдіретін түбірі мен тұлғалары әр басқа сөздер (С.Бизақов, Вариант сөз.). 3. Бір-біріне жақын орналасқан стектрлік сызықтар жұбы. Дублеттер спинорбиталық өзара әсердің салдарынан болады (мысалы, натрий спектріндегі сары дублет) (ҚҰЭ). 4. Бір-бірінен желімделген екі бөліктен тұратын жасанды асыл тас. Дублет үстіңгі бөлігі нағыз асыл тас болып есептеледі (ҚҰЭ).