ДУБЛИКАТ

lat: DÝBLIKAT

Төлнұсқа (түпнұсқасымен барабар заңды күші бар белгілі бір құжаттың екінші данасы). Ештеңе етпейді, әрі кеткенде бір сөгіспен дубликат береді ғой (С.Еркебаев, Алғашқы.). Мысалы, мемлекеттік тілге там-тұмдап көше бастағанның өзінде ісқағаздары саласында абзац -азат жол, фраза -еже, оригинал -түпнұсқа, дубликат -төлнұсқа, текст -мәтін, документ -құжат, таможня -кеден, юстиция -әділет, коррупция -сыбайлас жемқорлық сияқты жүздеген терминдер жасалып, аударылып, тұрақты қолданыла бастады («Жас Алаш»). Құжат жоғалған жағдайда дубликат беріледі (Қаз. тілі термин. Экономика).