ДУЭЛЬ [франц.duel]

lat: DÝEL [frans.duel]

з а т. Өткен ғасырдағы Батыс Еуропа елдері мен Ресейде болган жекпе-жектің түрі.

Он тоғызыншы ғасырдың ақ қолғап киген сері жігіттеріндей  дуэльге шығып, жекпе-жек атысу машығы емес бұл - соғыс (Т.Бердияров, Солдат.).

Дуэльмен қарсы жасап мылтық атты, Жары үшін Татьяна махаббатты. Ажал оқ бір-біріне қарсы тиіп, Осымен екі ғашық қанға батты (Ә.Найманбаев, Шығ.).

Дуэльде бекер тартынып, Оғыңды неге алдың? Білді ме арам Мартынов... Ұзарын өмірбаяның (М.Рашев, Алғашқы.).