ДУПЛЕКС-ПРОЦЕСС

lat: DÝPLEKS-PROSESS

зат. кен. Бірінен кейін бірі екі бөлек агрегатта жүзеге асырылатын металлургиялық процесс. Д у п л е к с-п р о ц е с с арқылы түпкі өнімнің сапасы жақсарады және негізгі агрегаттың өндірімділігі артады (Қаз. тілі термин. Су.).