Дәл

lat: Dál

ү с т е у. 1. Дұрыс, тура, анық. Дәрмен күйшінің ауданын білгенімен, тұрақты жерін д ә л білмейтін де (Т.Әлімқұлов, Сейтек.). Ұлы хазірет дарығандай батасы, Бекер дейтін жоқ дүдәмәл қатасы. Жазылыпты көне шежіре салтымен Абылай ханның д ә л он алты атасы (К.Салықов, Жезкиік). «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан деп айтылатын мақалдың бірінші бөлігі түсінікті болғандықтан, екінші жартысындағы қазан сөзінің нені білдіретіні беймәлім сияқты. Айтылмақ ойды тап басып, д ә л мәнін пайымдау қиын («Зерде»). 2. Нақ, нағыз, дәп. Қара қошқыл кілегей бұлттың жоғарғы шетін ала кірген ай бір көрініп, бір сүңгіп, машығынан тыс жылдам жүріп д ә л жасырынбақ ойнағандай құбылды (М.Әуезов, Абай). ...Күй тынды соңғы самал өткендей боп, Ол тұрды жаны рақат шеккендей боп. Баланың саусағының д ә л астынан көрінді Моцарт тұрып кеткендей боп (Ғ.Қайырбеков, Большевик). Д ә л саған құрмап еді торды ешкім. Ғайыптан душар болдың сорды кештің. (К.Салықов, Жезкиік).