Қақ ортасы. Ол үшін жаудың поезын өзіміздің құрған қақпанымыздың д ә л о р т а с ы н а түсіріп алуымыз қажет (Н.Көшекбаев, Қарулас.). Арқалықтың өн бойын әр жерден тоқылатын жіп ілінетіндей етіп кертеді. Содан кейін екі ұшы домалақталған жіптердің арқалыққа д ә л о р т а с ы н келтіріп, көлденең асады (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Күлтеленген қалың қара шашын тікшіл маңдайының д ә л о р т а с ы н а н бөліп тарапты (С.Омаров, Қиыр.). Темір шеңбердің д ә л о р т а с ы н а н төменірек түсіріліп, электр шамы бекітіліпті (Ә.Сәрсенбаев, Капитан.).