Дәлел

lat: Dálel

з а т е с і м. Айғақ. Мен Қарамысовқа, егер басқа қызметке ауысатын болсам, одан бұрын оқуымды аяқтап алғаным жөн ғой деген сөзді д ә л е л д е р і м м е н айта бастадым (С.Мұқанов, Есею жыл.). Сөзім сол мейлің жандыр, мейлің өлтір! Қисық десең, қанеки, д ә л е л келтір. Не шариғат, не низам айтты ма екен, Елудегі шалға бар деп жемтіремтір (С.Торайғыров, Шығ.).