Дәлелді

lat: Dáleldi

с ы н е с і м. Бір негізге сүйенген, нанымды, қисынды. Әбіштің сөзі Тәкежандарға жат көрінгенімен, д ә л е л д і сияқты (М.Әуезов, Ақын аға). Нұржанның дәл осы бір сөзі д ә л е л д і, тауып айтылған сияқты (З.Шашкин, Өмір.). Жоғарғы Кеңесте болсын, Жаңаөзенде немесе өзге жерде болсын Әбекеңнің байсалды-басалқалы, д ә л е л д і, уәжді сөзі тәуелсіздік іргесінің нақтылануына қызмет етті («Егемен Қазақстан»). Даярмыз деген мырзалардың дайындығы ат ерттеліп, киімін киіп, тойға жүруге дайындалған даярланыс емес, сиезге алып келіп салатын д ә л е л д і докладтары даяр деп ұғамыз (түсінеміз) (А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам).