Дәнді

lat: Dándi

с ы н е с і м. 1. Астық тұқымдасына жататын (дақыл). Бүгін Үшқұдық бойындаты мың гектардан астам д ә н д і егісті орып біткен күнгі есепті шытарды (Б.Тоқтаров, Қырандар.). Қазақстанның Ұлан-байтақ кең жері мал шаруашылығын өркендетуге, д ә н д і және техникалық егістер көлемін ұлғайтуға өте қолайлы (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.). Д ә н д і, масақты және дәнді-бұршақты дақылдарды өсімдіктің өсу кезінде жауындатып суарған тиімді (М.Ерлепесов, Суармалы егін.). 2. Дәні толық. Сирек болғанымен құмның бұл шөптері д ә н д і, осыған жайылған мал бүрсең емес, бұрқырап боз қырауға сүйсінгендей томарыла орындарынан баяу ғана көтеріледі (С.Бегалин, Таңд.). Салқын беткейдің д ә н д і де дәмді шөптерін қажетінше жеді (Т. Айнабеков, Алғы шепте).