Дәнді дақыл

lat: Dándi daqyl.

е г і н ш а р. Арпа, бидай, сұлы, тары сияқты дәндері үшін арнайы өсірілетін азықтық өсімдік. Суармалы жерге д ә н д і д а қ ы л д а р егісінің көлемін ұлғайту республиканың ауылшаруашылығындағы негізгі міндеттердің бірі (Қ. Амантаев, Суармалы.). Бүгін орыс үкіметі Түркістан халқының қаны мен жаны беделіне парапар д ә н д і д а қ ы л д а р д ы суармалы жерлерінен ығыстырып шығаруға бел байлап отыр («Парасат»). Сала қызметкерлерінің жалақысы 109 пайызға өсті. Өткен жылы ауданда д ә н д і д а қ ы л д а р 50654 гектарға егілсе, биылғы жылы 52750 гектар жерге тұқым себілді («Егемен Қазақстан»). Ақтұмсық қарғалар ауылшаруашылығына пайда келтірумен бірге д ә н д і д а қ ы лд а р д ы ң жаңадан өсіп келе жатқан өсінділеріне әсіресе, жүгері дақылына, сонымен қатар бау-бақшаларға және отырғызылған ағаштардың тұқымдарына, кейде зиян да келтіреді (Р.Әлімбаев, Құстар.).