Дәнді дақылдар.

lat: Dándi daqyldar.

е г і н ш а р. Дәні үшін өсірілетін аса маңызды өсімдіктер тобы. Ақтұмсық қарғалар ауылшаруашылығына пайда келтірумен бірге д ә н д і д а қ ы л д а рд ы ң жаңадан өсіп келе жатқан өсінділеріне әсіресе, жүгері дақылына, сонымен қатар бау- бақшаларға және отырғызылған ағаштардың тұқымдарына, қазып жеп, кейде зиян да кел- тіреді (Р.Әлімбаев, Құстар.). Сала қызметкерлерінің жалақысы 109 пайызға өсті. Өткен жылы ауданда д ә н д і д а қ ы л д а р 50654 гектарға егілсе, биылғы жылы 52750 гектар жерге тұқым себілді («Егемен Қазақстан»). Қазақстанның солтүстік бөлігі мен оңтүстікшығысының далалары мен шәлейттерін мекендейді. 60-жылдары тың даланың қабырғасы сөгілген соң саны күрт төм деді, бірақ 80-жылдардың соңына қарай Бұл тырна д ә н д і д а қ ы л д а р егістіктерінде ұялай бастады, оның саны 50-60 мың басқа дейін өсті. Ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде Бұл түрдің Жұмыртқалары мен балапандарын сақтап қалудың жанақты шараларын дайындау қажет (Қазақст. Қызыл кітабы).