Дәнекерлеу, лекерлеу, ілдалдалау

lat: Dánekerleý, lekerleý, ildaldalaý

Бірдемені селбестіріп байланыстырушы.

Дәулеткелді әйтеуір адамдардың арасын ретіне қарай өстіп дәнекерлеп ұстағысы келеді (Б. Нұржекеев).

Қыз көйлегін жуып, айырылып кеткен жерлерін жіп-жіңішке кендірмен лекерлеп қойды (Ә. Әлімжанов).

Қораның төбесі ортасына түсіп қалмасын деген болуы керек, ілдалдалап сым темірмен тартып тастапты (А. Айтбаев).