Дәнекерлеуіш

lat: Dánekerleýish

з а т е с і м. Дәнекер жасайтын аспап. Дәнекерлеу процесі д ә н е к е р л е у і ш деп аталатын арнаулы аспаппен жүргізіледі (ҚСЭ).

Дәнекерлі с ы н е с і м. Бірірімен байланысты, сабақтас. Зүлзәләлі Абылқайыр, Ақтамберді, Жаратып дүниені д ә н е к е р л і. Тінтушідей ордаға ойқастадың, Сұраймын аты-жөнің, қайдан келдің (Айтыс). Барлық ұлт алмақ әсем әнін жаттап, Жүрекке д ә н е к е р л і нәрдей сақтап (Д.Әбілев, Таңд. өлеңд.). Ырықты зейін де жанама, д ә н е к е р л і қызығуды керек етеді (Қ.Жарықбаев, Психология). Суретшінің асқан талантынан көрі біздерді таныстырған д ә н е к е р л і қуатында шығар (О.Бөкеев, Мұзтау).