Дәнік

lat: Dánik

е т і с т і к. 1. Бір әдетке үйреніп, дағдылану. Алғашында қолыма тиген кітапты көңілсіз алып, тек суреттерін ғана аударыстырып қарай беретін мен соңынан оған мүлде д ә н і г і п алдым (Ә.Нұршайықов, Махабб. жыр.). Өне бойы жылқы бағып, неше асауды үйреткен, сартақым, д ә н і к к е н қыр жігіті ендігі сәтте оны қолына лып еткізіп көтеріп алып, жағаға шықты (О.Бөкеев, Үркер.). Мыналар да сондай ұялдас қанды ауыз д ә н і к к е н бөрілер (М.Әуезов, Абай). 2. Жаман әдетке үйір болу, құнығу. Содан тарғыл мысық әбден д ә н і г і п алды. Күн ашық кездері суаттың басына өзі барып, қылқиып балық аңдып отыратынды шығарды (Ө.Қанахин, Жер бас.).