Дәніктір

lat: Dániktir

е т і с т і к. 1. Үйрету, баулу, дағдыландыру. Содан кейін бүркітті қоянның, түлкілердің терісімен шоқытып д ә н і к т і р е д і (С.Қасиманов, Сиқырлы.). 2. Қызықтыру. Жас күшіктей жарық нұр дәніктірген, Тырнап аштым көзімді әріптермен (Ж.Молдағалиев, Жиырма бес).