а) Домалақ формадағы ас ішетін үстел. Д ө ң г е л е к с т о л айналасында отырып, кешкі шайды қонақтар іше бастаған (М.Әуезов, Абай). Жерде жинамалы үлкен д ө ң г е л е к сырлы с т о л ғ а қағаздарын жайып, қаба сақал тілмаш сырт-сырт жазып отыр (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Біз жерге киіз төсеп, д ө ң г е л е к с т о л қойып, шайды сонда жасайтынбыз (Х.Елебеков, Үні кетпес.). ә) р е с м и. Белгілі бір мәселе жөнінде пікір алысуға арналған ресми жиын, мәжіліс. Таяуда «Жұлдыз» журналының д ө ң г е л е к с т о л ы Жамбыл облысының Талас ауданында өткізілді («Қаз. әдеб.»). «Асар» партиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан ішкі өнімінің экологиялық бағасы» атты д ө ң г е л е к ү с т е л өтті («Жас Алаш»). Д ө ң г е л е к ү с т е л д і ң қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар нақты ақпарат беретін осындай пайдалы бас қосуларды алдағы уақыттарда да өткізіп тұруға уағдаласты («Егемен Қазақстан»).