с ы н е с і м. 1. Дөңгелегі бар. Ауыр д ө ң г е л е к т і тарантас арба бірде қопаға малтығып, бірде құмға батып мимырттап әрең жүреді (А.Тоқмағамбетов, Жыр күмбезі). Саптың соңында жаралы жауынгерлер мінген қос д ө ң г е л е к т і күркелі арба келеді (Б.Момышұлы, Москва.). Соңғы жылдары д ө ң г е л е к т і тракторларда да шаң мен жауын-шашыннан қорғайтын жеңіл кабиналар орнатылып жүр (Тракторист.). 2. Дөңгелекке ұқсас. Адам геометриялық пішінді (форманы) табиғаттың өзінен алды. Мәселен, айдың д ө ң г е л е к т і, орақ тәрізділігі, көлдің айдыны, сәуленің түзулігі т.б. Міне, осының барлығы адамнан бұрын болған және оның көз алдында тұрған объектілер (О.А.Жәутіков, Жаратылыстану.).