Дүниетаным

lat: Dúnıetanym

әлемге және адамның осы әлемдегі орнына көзқарастар жүйесі. Ол көбінде адамның осы әлемге, басқа адамдарға, өз-өзіне қатынасын анықтайды және оның тұлғалық құрылымдарын қалыптастырады. Дүниетаным психикалық қалыпты адамның қоршаған болмыспен табиғат және қоғаммен тәжірибелік өзара әрекетінің күрделі нәтижесі ретінде пайда болады. Бұл адамның тіршілік әрекетінің (жизнедеятельность) ішкі детерминанттарының біршама (относительно) автономды (дербес) және тұрақты жүйесі. Тұтас (бүтін), көпдеңгейлі, күрделі ұйымдасқан жүйе түрінде көрінеді. Тарихқа дүниетанымның әр алуан түрлері белгілі: магиялық, мифологиялық, діни, философиялық, ғылыми, сонымен бірге олардың әр түрлі араласқан типтері. Психикалық қалыпты ересек адам үшін қоршаған болмысты, өзін-өзі тану және өзін-өзі бағалау күрделі процесінің нәтижесінде бекітілген дүниетаным жүйесі оның өмірінің ішкі заңы болады. Тұлғаның өзіне қатынасты оның жүріс - тұрысын іштей себеп ететін алғашқы (бастапқы) субъективтік феномен болады. Дүниетанымның генезисі (шығу тегі), ал одан соң оның саналы қалыптасуы субъекттің ең алдымен күрделі тәжірибелік және когнитивтік (танымдық) өз әрекеті (самодеятельность) болады. Бұл процесс едәуір сыртқы мақсатты бағытталған қоғамдық әсерлерге ұшырына алады. Мысалы, манипуляцияның (ықпал етудің) елеулі құралдары ретінде мыналар бола алады: өмірдің ерекше материалдық және рухани жағдайлары; мәдени дамудың шектелген (шектеулі) мүмкіншіліктері; толық емес және барабар емес (неадекватная теңбе-тең емес, сәйкес емес) әлеуметтік ақпарат және т.б.