Дүниетаным

lat: Dúnıetanym

КПСС Орталық Комитеті «Совет кинематографиясын одан әрі дамытудың жолдары» жайлы қаулысында совет адамдарының эстетикалық талғамын, дүниетанымын қалыптастыруда және коммунистік құрылыс ісінде кинематографияның маңызы артып отырғандығы атап көрсетілген («ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ» ГАЗЕТІ»). Есенберлин шығарма үшін оқиға, кейіпкер, сурет бояуларын екшеуіне, оларды қажет, зәру мөлшерде қолданылуына, оның коммунистік дүниетанымы бірден-бір құбылнама болғаны да түсінікті (Р. Бердібаев). Коммунизм құрылысын өрістету, коммунистік ғылымды игеру біртұтас шешілетінін түсінген әрбір жас қашанда дүниетанымын дұрыс қалыптастыруға, құбылыстарға әрдайым дұрыс баға беру қағидаларын игеруге құштар («ЛЕНИНШІЛ ЖАС» ГАЗЕТІ»).