мемлекеттік басқару формасының бір түрі, онда билік бір адамның шахтың, патшаның, императордың қолында болып, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырылып отыратын биліктің бір түрі. Монархияның екі түрі бар: абсолютті монархия және конституциялық монархия. Абсолюттік монархия дегеніміз өкілетті халық органдары болмайтын және монархтың билігі ешқандай заңмен шектелмейтін тұтас билік. Конституциялық монархия монархтың билігі, қызметі конституциямен шектелген мемлекет. Мұндай мемлекетге билік монархпен емес, парламентпен ресімделеді. Монарх тек қана символиқалық фигура ретінде болады ол «билейді, бірақ басқармайды».