Дуализм

lat: Dýalızm

(латынша duo - екеу) - материалдық және рухани субстанцияларды өзара тең құқылы бастаулар деп есептейтін, монизмге қарама-қарсы философиялық ілім. Дуализмнің түп төркіні - материализм мен идеализмді ымыраластыру. Дуалистік сананы материядан бөліп алу, сайып келгенде, идеализмге соқұтырады. Әсіресе дуализм Декарт пен Кант философиясына тән. Дуализм психофизиологиялық параллелизм теориясының негізі болып табылады.