1. Дыбысты фильмнің сөзін өзге тілге аударып таспаға жазу.
Қазақстанда дубляж жасау ісі алғаш 1940 ж. қолға алынып, одан кейінгі жылдары аса қарқынды дамыды (ҚҰЭ).
Студияның дубляж бөлімінде де қызу жұмыс («Лен. жас»).
1963 жылдың өзінде ғана 3 фильм дубляж жасалынды («Қаз. әдеб.»).
2. Кинофильмнің дыбысы екінші бір тілге аударылып, жаңадан жасалган фонограммасы. Дубляжда сөздің естілуі актердің ауыз қимылына, ернінің ашылып-жабылуына үйлесуі және сөз мағынасы түпнұсқадан алшақ кетпеуі шарт (ҚҰЭ).