ДІН

lat: DİN

зат. <лат. геligіо> Адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сеніп, оны мойындауға негіз болатын адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс.

Дін жолын бекем ұстауды үлгі етемін деп, Құнанбай аға сұлтан боп тұрған күнінде Қарқаралы қаласында мешіт салдырған (М.Әуезов, Әр жыл.).

Аз да болса дінге сенетін жастар арасында жұмыс жүргізгенде, олардың діни сенімдерінің терең, әлде тайыз екенін зерттеп, біліп алған жөн («Қазақст. әйелдері»).

Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді (ҚҰЭ).

Діннің басты белгісі адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау (Қазақст. ықшам энц. сөздігі).