наным-сенім, Құдайға құлшылық. Қазақ тілінде «аса күрделі мәдени-қоғамдық сана, әлеуметтік құбылыс», «әлемді жаратушы бір Алланың барлығына шек келтірмеушілік» деген ұғымдарды да білдіреді. Қазақ фольклорлық жырларында «дін тірегі» деген мағынаны білдіретін «дін қалғасы», «діні бір, діндес» деген мағынадағы «дін қарындас», «дінсіз, имансыз» деген ұғымдағы «діни қар», «діншіл, дінге берілген адам» дегенді білдіретін «діндарман, дінкәр» тәрізді сөздер де кездеседі.