ДІРІЛ

lat: DİRİL

з а т. Дененің қалтырап тітіркенуінен пайда болатын қимыл.

Конвертті қолына алғанда Маржанкүлдің жүрегі біртүрлі лүпілдеді. Саусақтарынан сәл діріл білінді (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ).

Ауру жандай ақырын бастап, үніне діріл араласқан ана даусы бірте-бірте қатуланып, ызғарлана түсті (К.Салғарин, Жаныңда жүр.).

Айтпақ бір сөз тілімде,

Бір діріл бар үнімде.

Жоқ сияқты еш пенде

Менен асқан бүгінде (Ш.Мұхамеджанов, Құлыншақ.).