зат. Дененің қалтырап тітіркенуінен пайда болатын қимыл. Конвертті қолына алғанда Маржанкүлдің жүрегі біртүрлі лүпілдеді. Саусақтарынан сәл д і р і л білінді (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Ауру жандай ақырын бастап, үніне д і р і л араласқан ана даусы бірте-бірте қатуланып, ызғарлана түсті (К.Салғарин, Жаныңда жүр.). Айтпақ бір сөз тілімде, Бір д і р і л бар үнімде. Жоқ сияқты еш пенде Менен асқан бүгінде (Ш.Мұхамеджанов, Құлыншақ.).