Диуана

lat: Dıýana

з а т. д і н и. Ырзығын көптен тілеп кәсіпсіз жүретін діндар, тақуа адам. Қолдарына Құран, аса, найза ұстаған молда, қожа, д и у а н а, балгерлер ерекше бір көңілді жағдайда отыр (Б.Шалабаев, Өмірде.). Осы жақында ғана Төлеухан Мұратов дейтін бақташы өз үйінде екі д и у а н а н ы ң түнеп жатқаны туралы бізге астыртын шұғыл хабар жіберіпті (З.Асабаев, Жарас.). Тоқалдан жалғыз туған Қайыргелді. Би түгіл қуантып ед, барлық елді. Бір тойда д и у а н а н ы ң тілі тиіп, Күнінде құлыншақтай о дағы әлді (И.Байзақов, Таңд. шығ.). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Іс-әрекетінде береке жоқ, бәтуасыз, тұрақсыз адам. Құдайдың білесің бе қолы тапшы, Жалпы көпке жетеді қайдан жақсы? Ақынның атағына кір жұққызып, Ел қыдырған д и у а н а сен бір бақсыамбыл). Ескі жараның аузын аштыңыз, қария. Мен де бір өнер қуған д и у а н а едім [Нұрым Аянға] (Р.Тоқтаров, Ертіс.). Арақ, боза секілді есірткіш нәрселерге жолама. Наша шекпе, көкнәр жеме. Д и у а н а боласың. Шайды, кофені қаттыою) қылып ішпе, сұйық қылып іш (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). 3. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Сүйгеніне қосыла алмай, ғашықтық дертіне шалдыққан адам. Ләйлі деп зарланады ұзақ түнге, Жүдеді қайғысы асып күннен күнге. Ғашықтық ішін өртеп д и у а н а боп, Қор болып адамдықтан шықты мүлде (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Жарымақсы киім киіп, Келді жанға жылы тиіп, д и у а н а болды бұл көңілім, Басылмай бір құшып-сүйіп (Абай, Тол. жин.). Ғашық боп талай жігіттер, өлейін десе өле алмай, Өзінің жанын қия алмай, Маңына бірін жуытпай, д и у а н а қылып жүргізгенатырлар жыры).