Диуана

lat: Dıýana

(дуана) ырыздығын Алладан, елден тілеп, кәсіпсіз жүретін адам, дәруіш. Ауыспалы мағынасы: ақылсыз, қаңғыбас.

«Дуана аяқ астынан үріккен жылқыша жалт беріп, доқып, әнтек тұра қалды да бұрылып Ақбілекке қарай жүрді.» (Ж.Аймауытов)

«Тани кетті Ақбілек, етегін кірмен зерлеген, қолында шәңгіші асасы, асассының өн бойы сылдырмақ, кепшік, шығыршық, ұшы қозы жауырын, мойнында хұсыр таспысы,...Іскендір екен баяғы.» (Ж.Айма уытов)