Диагноз

lat: Dıagnoz

з а т е с і м. 1. м е д и ц и н а л ы қ. Ауруды зерттеу арқылы дертті анықтау, медициналық қорытынды. Дәрігерлер, математиктер және инженерлер бірлесе отырып, ауруға д и а г н о з д ы машинамен қоятын болдыалам ғажап.). Д и а г н о з д ы ң дұрыс қойылуы енді осы дерттің қайдан пайда болғанын тексеруге әкелсе, жөн болар еді («Жас Алаш»). Туберкулез ауруының д и а г н о з ы н қою үшін үлкен тәжірибе, лабораториялар мен рентгеннің көмегі керек (Ш.Көшербаев, Туберкулез.). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Себеп-салдар. Д и а г н о з ы н боранның, Таппай ма адам ақылы. Жер менен көк жеңіліп, Тізе бүкті ақыры (С.Мәуленов, Жолдас). Көз бұлдырап жатқан қабақ жазылмай, Мұң толқыны кеудесіне сыймапты. Қиын екен, д и а г н о з тез табылмай, Жас ләззатты талай-талай қинапты (Н.Әлімқұлов, Алатау.).