(гр. dialectic) - алғашқыда, ертедегі Грекияда, логикалық аргументация (дәлелдеме) әдісі. Көне грек ойшылдары диалектика деп талас жүргізу өнерін, дискуссияда жоққа шығару тәсілін, ұғымдарды үнемі бағалау (саралау) әдісін түсінген. Ақиқатты қарама-қарсы пікірлерді қақтығыстыру арқылы, қарсы жақтың пікірінде қайшылықтарды ашып, оларды жою арқылы табуға тырысқан. Стоицизм уақытынан ортағасырлықтың аяғына дейін диалектика негізінен формальды логикаға ұқсас пән ретінде есептелді. Кейінірек ойлаудың диалектикалық амалы табиғат пен қоғамның құбылыстарын зерттеуге таратылды, яғни бұл құбылыстар мәңгілік қозғалыс пен өзгерісте, өзара байланыста болады, ал олардың дамуы ішкі қайшылықтары мен қарама-қарсылықтардың қүресінің нәтижесі деп қарастырылды. Қазіргі уақытта диалектика дамудың философиялық концепциясын құрайды. Метафизикалық әдістің үстемдігін шайқалтқан дамудың тұтас диалектикалық концепциясы алғаш рет немістің трансценденталды - сыни философиясының өкілдерінің, алдымен Гегельдің жұмыстарында (еңбектерінде) жасалды. Оның диалектикасының негізгі тақырыбы бірін-бірі өзара жоққа шығаратын және бір уақытта өзара шамалайтын (керек ететін) қарама-қарсылықтардың бірлігі идеясы болды, яғни қайшылық тақырыбы. Дәл диалектикалық әдіс Гегельге өз кезіндегі білім мен мәдениеттің барлық сфераларын сыни қайта ойлап шығартты. Марксизм философиясында диалектика болмыс пен танымның ең жалпы заңдылық байланыстары мен қалыптасу, дамуы туралы ілім ретінде түсініледі. Сонымен бірге, XX ғ. философиясында диалектика жеткілікті қатал сынға да ұшырады (әмбебаптылық барлығын қамтуға ұмтылғаны және артық абстрактылдылығы үшін).