lat: Dıalektıka
(грекше dialegomai - пікірлесіп отырмын, талқылап отырмын) -табиғаттың, қоғамның және ой-сана дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Диалектиканың ғылыми тұрғыда ұғыну ұзақ уақытты қажет етті және бұл ұғымының өзі терминнің әуелгі мағынасын өңдеу тіпті одан бас тарту барысында пайда болды. Ежелгі философияда дүниедегі нәрсенің бәрі де құбылмалы екендігін атап айтылған шындықты процесс деп есептеп, бұл процесте кез келген қасиеттің қарама - қарсы қасиетке айналуының қандай роль атқаратыны тұжырымдалған (Гераклит, жекелеген милеттік материалистер, пифогоршілдер). Бұл сияқты зерттеулерде Диалектика терміні әлі қолданылмады. Алғашында бұл термин (dialektike techne -"Диалектика өнері" ): 1) сұраққа жауап арқылы пікір таластыру қабілет; 2) ұғымдарды саралау, заттарды түрі мен шыққан тегіне қарай ажырату өнерін білдірген. Аристотель Диалектиканы ойлап тапқан Зенон Элейский деп есептейді, ол көптік және қозғалыс ұғымдарын ой елегінен өткізгенде келіп шығатын қайшылықтарға талдау жасаған болатын. Аристотельдің өзі дәлелдеу туралы ғылым - "аналитикадан" Диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым ретінде ажыратады. Элеаттардың ізінше Платон шынайы болмысты бірқалыпты әрі өзімен барбар болады деп анықтады, әйткенмен "Софист" және "Парменид" сұхбаттарында жаратылыстағы жлғары буындағылардың кез келгенін бар әрі жоқ, өз-өзіне барабар әрі барабар емес, өзіне тепе- тең және өзінің "басқа" түріне өтіп отырады деп қана ойда көрсетуге болады деген диалектикалық тұжырымға келді. Сол cебепті болмыстың өзінде қайшылықтар болады: болмыс бірегей әрі көпше, мәңгі әрі өткінші, бірқалыпты әрі құбылмалы, тыныштық күінде әрі қозғалыс үстінде болады. Қайшылық - рухты ойландырып - толғандыруға түрткі болатын қажетті шарт. Және бұл өнер, Платонның пікірінше Диалектикалық өнер болып табылады. Неоплатоншылар (Платин,Прокл) Диалектиканы дамыту ісін жалғастырды. Федалдық қоғамның философиясы - схолостикада - Диалектика деп риторикаға қарсы қойылған формалдық логиканы атай бастады. Қайта өрлеу дәуірінде "қарама - қарсылықтардың үйлесімі туралы дилектикалық идеяларды Николай Кузанский мен Бруно ұсынды. Жаңа тарих кезеңінде метафизиканың үстемдігін қарамастан Декарт пен Спиноза (бірінші космогониясында, екіншісі - өзіне өзі себеп болатын субстанция туралы ілімде) диалектикалық ой үлгілерін жасады. 18 ғасырда Францияда диалектикалық идеяларының сонылығымен Руссо мен Дидро ерекшеленді. Олардың біріншісі қайшылықтарды тарихи дамудың шарты ретінде қарастырса, екіншісі бұған қоса өз тұсындағы қоғамдық санадағы қайшылықтарды зерттеді (Рамо немересі). Диалектика дамуының аса маңызды кезеңі неміс классикалық идеализмі болды, оның метафизикалық материализмнен айырмашылығы - шындықты танылу объектісі деп қана емес, іс-әрекет объектісі ретінде де қарастырғандығы еді. Сонымен қатар субъектінің танымы мен іс-әрекетінің шынайы материалдық негізін білместігі неміс идеалистерінің Диалектикалық идеяларының ересіздігіне, жаңсақтығына көрсетті. Лейбниц монадалардың өздігінен дамуы туралы және таным принциптерінің қайшылықты бірлігі туралы ілімінде Кант физика және космогониялық процестердегі қарама-қарсы күштердің маңызын көрсетіп, алғаш рет метафизиканың шебін бұзды әрі Декарттан соң бірінші болып - табиғатты танудағы даму идеясын енгізді. Таным теориясында кант Диалектикалық иделарды "антиномиялар" туралы ілімінде дамытты. Бірақ ақыл-парасат Диалектикасы Канттың пікірінше, алдамшы нәрсе және ойдың өзі құбылыстарды ғана танумен шектелген қолдануы аясына ораласымен-ақ Диалектика жойылады. Бұдан кейін таным теориясында ("Ғылым туралы ілімде") Фихте маңызды диалектикалық идеялары бар категориялар жасаудың"антитетикалық" әдісін жетілдірді. Шеллинг Канттың ізінше табиғат процестерін Диалектикалық тұрғыда ұғынуды ұсынды. Диалектиканың асқар шыңы Гегельдің идеалистік Диалектикасы болды. Гегель "тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп, яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты" ( Энгельс Ф, Анти-Дюринг, Қазақ мемлекеті баспасы, 1957, 27-б).Гегельдің ойынша , Диалектика ойынша, Диалектика бір анықтаманың басқа анықтамаға айналуы, онда бұл анықтамалардың сыңаржақты әрі өресіз екендігі, яғни олардың бойында өздерін өздері терістеу бар екендігі көрінеді, пайымдаудың дерексіздік анықтамаларынан Диалектиканың ерекшелігі осында Гегель ілімі бойынша, сол себепті Диалектика "ойдың ғылыми тұрғыда өрістеуінің қандайының да болсын қозғаушы күші және ол ғылымның мазмұнына ішкі байланыс пен қажеттілік енгізетін бірден-бір принцип болып табылады. гегель Диалектикасының нәтижесі, оның күткеннен көш ілгері асып түсті. Дүниедегінің бәрінің өзін-өзі терістеуге келуінің қажеттігі туралы Гегель ілімінде, өмірді де ойды да революцияландыратын негіз болады, сол себепті, алдыңғы қатарлы ойшылдар (орыс және т.б. революциялық демократтар) Гегель Диалектикасынан "революция алгебрасын" (Герцен) көрді. Диалектиканың ғылыми ақиқат ұғымын Маркс пен Энгельсте жасауға ұмтылды. Гегель философиясының идеалистік мазмұынын алып тастап, олар Диалектиканы тарихи процесс пен таным дамуын материалситік ұғынудың, табиғатта, қоғамда және ойлауда жүріп жатқан реалдық процесстерді қорытудың негізінде жасады. Ғылыми Диалектикада болмыстың да, танымның да заңдары етене үйлесіп жатады, өйткені олар мазмұны жағынан бірдей, тек форма жағынан ғана ажыратылады. Сондықтан материалистік Диалектика тек "онтологиялық" қана емес, гносеологиялық та ілім, әрі ойлаумен тануды қалыптасу және даму барысында қарастыратын логика болып табылады. Осыған байланысты Диалектика таным теориясын да талдап қорытылған таным тарихы ретінде қарастырады. Кез келген ұғымның, кез -келген категорияның жалпы сипатына қарамастан, оларда тарихылықтың таңбасы бар. Қайшылық Диалектиканың басты категориясы болып табылады. Диалектика қайшылықтар туралы ілімде дамудың қандай түрінің болса да қозғаушы күші мен қайнар көзін ашып көрсетеді: диалектикалық дамудың басқа да категориялары мен принциптерінің кілті осы ілімде, сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге айнгалуы арқылы даму, біртіндеушіліктің үзілуі, секірістер, дамудың бастапқы сәтіне қатысты терістеу және осы терістеудің өзін терістеу, бастапқы күйге тән белгілердің, қасиеттердің кейбірінің жоғароы негізде қайталануы. Дамуды нақ осылайша түсіну Диалектиканы реформистік теорияларға тән неше түрлі анайы - эволюционистік көзқарастардан ажыратады. Диалектика заңының кез келген белгісін, қасиетін абсолюттендіру, оны метафизикалық бұрмалауға әкеліп соқтырады. Диалектика табиғатты, қоғамды және танымды зерттеудің философиялық әдісі болып табылады. Тек Диалектика тұрғысынан ғана обьективтік ақиқаттың күрд табиғатты, қоғамды және танымды зерттеудің философиялық әдісі болып табылады. Тек Диалектика тұрғысынан ғана обьективтік ақиқаттың күрделі, қайшылықтарға толы қалыптасу жолын, ғылыми дамуының барлық сатыларында абсолюттік пен шарттылық, тұрақтылық пен құбылмалылық элементтерінің байланысын, тұжырымдаудың бір түрінен басқа, неғұрлым мазмұнды түріне өтуін түсінуге болады. Диалектиканың тоқырау мен сылбырлықтың қандайымен бол са ымыраласпайтын революциялық табиғаты оны қоғамдық дамудың тарихи мұқтаждарын, жаңа мазмұнға ескі формалардың үйлеспейтіндігін, адамзат прогресіне жағдай жасайтын жетілген формаларға өту қажеттігін объективті тұрғыда ескеріп отыруға көмектесетін, қоғамды практика жүзінде қайта құрудың қаруы етеді.